ҚХА: Елбасының ҚР Президенті лауазымына ресми кірісуі - Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚР Президенті лауазымына ресми кірісуімен құттықтады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сізді Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына ресми кірісуіңізбен Қазақстан халқы Ассамблеясы шын жүректен құттықтайды!

Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Сіз жүргізген реформалардың жалпыхалықтық қолдау тапқанын білдіреді!

Сіздің Мемлекет басшысы лауазымына кірісуіңіз - Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы.

Осы тарихи оқиғаның Қазақстан халқының бірлігі күні - біздің халқымыздың ынтымағы, ел бірлігі мен қоғамдық келісім мейрамы қарсаңында өткізілуінің мағынасы зор.

Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық Қазақстан азаматтары үшін заманауи мемлекет құру мақсатында құрылған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыруға бағытталған Бес институционалдық реформаның табысты жүзеге асырылуының сенімді кепілі - Сіздің саяси ерік-жігеріңіз екенін мәлімдейді.

Бұл міндеттер барша халықтың түпкілікті мүдделері мен қалауына сай, оның қолдауына ие.

Барша халықтың жоғары сенім мандатымен бекітілген Сіздің саяси көшбасшылығыңыз ел дамуының ауқымды мақсаттарына жетудің, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындаудың берік іргетасы болып табылады.

Сіз, Елбасы ретінде, баянды болашаққа ұмтылған ел бірлігінің негізі - жалпыұлттық Мәңгілік Ел болу идеясын алға тартып, іргелі дүниетанымдық көзқарас қалыптастырдыңыз.

Сіздің саясатыңыздың ажырамас бөлігі мен негізгі қағидаттары - экономикалық жетістіктер, халықтың әл-ауқатының артуы, тұрақтылықты біздің миллиондаған отандастарымыз қолдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздің дана да көреген мемлекет қайраткері ретіндегі жоғары халықаралық беделіңіз, жаңа кезеңде және одан кейін де, табысты сыртқы саясатты қамтамасыз ететініне, біздің еліміздің және халқымыздың қауіпсіздігінің сенімді кепілі болатынына толық сенеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы», «20 ізгі іс» республикалық акцияларының жалғасуы, миллиондаған азаматтардың азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді, әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға қатысуы - халқымыздың Елбасын қолдауын, бірігуі мен шоғырлануын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы болашақ алдындағы зор жауапкершілікті сезіне отырып, халық пен елдің биік мүдделерін ескере отырып өзінің азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында Қазақстанның барша халқын көркейген және гүлденген Қазақстан құру жолындағы барлық алға қойған мақсаттарға жету жолында өздерінің жеке үлесін қосуға шақырады!

Ассамблея Қазақстанның барлық халқын Ұлт жоспарын - «Мемлекет құру ісіндегі ендігі 100 нақты қадамды» іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға үндейді, себебі, бұл - біздің халқымызды біріктіретін ортақ іс.

Елбасымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бірге - Қазақстан, тек алға!» - делінген құттықтау хатында.