ҚХА еліміздің сирек кітаптар қорын толтыруға атсалысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығымен» меморандум жасасты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

Шараға Қазақстанхалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, ҚР Мәдениет жәнеспорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мүшелері,қоғам қайраткерлері, ғалымдар, этно-мәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарыныңөкілдері қатысты.

«Қазақтың мәдениетімен тарихына қатысты сирек қолжазбалар мен еңбектер шетелде де жетерлік. ҚХА өкілдеріарқылы сол мәліметтерге қол жеткізуге болады. Меморандумның бір мақсаты осы», -дейді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары Қайыржан Күзембаев.


Меморандум аясында елдіңтарихына, мәдениетіне және тұрмыс жағдайына қатысты қолжазбалар мен сиреккітаптардың құндылығын анықтау, аудару, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу;кітап жәдігерлерін қалыпқа келтіру, олардың каталогын жасау, цифрлық жүйегекөшіру, қолжазбалардың цифрлық көшірмелерінен микрофильмдер жасап сақтаусалаларында ғылыми тәжірибе алмасу көзделген. Сонымен қатар, каталогтандыру,қолжазба баспалары, литография, беттік баспа, цифрлы көшірмелер менқолжазбаларды қолдану және қайта қалпына келтіру жұмыстарын бірлесіп істеуқарастылыған.


Меморандум құжатынаҚазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңес төрайымы АйгүлСадуақасова мен «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» мекемесініңдиректоры Жандос Болдықов қол қойды.


Соңғы жаңалықтар