«Айта кетейін, қазіргі уақытта 10 университет ҚХА кафедраларын құруға ниет білдіріп отыр. Бұның алдында Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Толеранттылық кафедрасы құрылған болатын. Сонымен қатар Көкшетауда ашылды. Ендігі кезекте Қостанай мен Петропавлда ашу жоспарлануда», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, болашақта ҚХА кафедраларының қауымдастығын құру көзделуде.