ҚХА қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. ҚазАқпарат құттықтау мәтінін жариялайды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтайды

Құрметті отандастар!

Құрбан айт - жалпыға ортақ бірлік пен ізгіліктің, достық пен қайырымдылықтың мерекесі. Құрбан айт - Қазақстан халқының рухани мұрасының ажырағысыз бөлігі, ол адамдарды жақындастырып, тазалыққа, мейірімділікке, адалдыққа бастайды, сенімін ұштап, қоғамның рухани негіздерін нығайтады.

Тәуелсіздігіміз бен Мемлекет басшысының саясаты арқасында қайта оралған ата-бабамыздың рухани тірегі - асыл дініміз ислам бүгінде елімізде барлық конфессиялар мен этностық топтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне үлкен ықпалын тигізіп отыр.

Қазақстандықтар арасында қалыптасқан достық пен өзара құрмет дәстүрі біздің мақтанышымыз және ортақ қазынамызға айналды. Оны сақтау және ардақтау - әр біріміздің парызымыз.

Құрметті отандастар! Ұлық мереке - Құрбан айт күні баршаларыңызға мықты денсаулық, рухани байлық, ізгі өмір тілейміз. Ниеттеріңіз қабыл болып, шаңырақтарыңызға құт қонсын!» деп жазылған құттықтауда.