«Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси аренасындағы өте ірі ұйым болып табылады. ҚХА-да Қазақстан халықтары арасында достастық пен бейбітшілікті орнатуда ауқымды шаралар қолға алынады. Мұндағы әрбір этномәдени орталық ҚХА құрамына енеді. Олар мемлекеттік тілге үлкен құрмет көрсете отырып өздерінің салттарын да ұмыт қалдырмайды», - дейді ол.
А.Құсайынованың айтуынша, ҚХА - Қазақстанның әрбір халқының мәдениеті, салты мен дәстүрін дамытуға серпін беретін құрылым. Осы арқылы Қазақстанның әрбір ұлт өкілі күнделікті өмірлерінде өздерінің салт-дәстүрін еркін ұстанып, тілі мен мәдениетін насихаттай алады.
«Бір қуаныштысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамбеясының Төрағасы болуы. Біздің Президентіміздің тағы бір көрегендігі, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, елімізде түрлі ұлт өкілдері достастығының негізін қалауы», - дейді мәдениет қайраткері.