Ұсынылған құжаттар қатарында Ассамблея Кеңесінің депутаттыққа кандидаттарды ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме, депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру туралы өтініш, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер, салық органының Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалары бар.
Айта кетейік, 26 ақпанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 87-бабына және «Қазақстан халқы Асссамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес ҚХА Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды. Олар мыналар: Сауытбек Абдрахманұлы Абдрахманов, Владимир Карпович Божко, Наталья Васильевна Жұмаділдаева, Роман Укенович Ким, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Ахмед Сейдарахманович Мурадов, Шаймардан Усаинович Нурумов,Юрий Евгениевич Тимощенко, Шакир Хусайнович Хахазов.
2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Қазақстан Республикасы ПарламентіМәжілісінің депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2016 жылғы 29 ақпан-5 наурыз аралығындағы кезеңде жүргізіледі.