«Ассамблеяның 20-шы сессиясында Президент бес институттық реформаны жүзеге асыру аясында Қоғамдық келісім кеңесінің құруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы қадап айтқандай, мемлекеттің одан арғы құрылысында Ассамблеяның басты міндеті этноаралық келісімді сақтап қана қоймай, қоғамдық келісімді сақтауға да үлес қосу керек. қоғамдық келісім туралы идея - бұл Конституцияның басты принципі. Қоғамдық келісім - Ұлт жоспары мен «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын жүзеге асырудағы басты құралдың бірі»,-деді Л.Прокопенко.
Оның айтуынша, Президенттің Қоғамдық келісім кеңесін құру туралы тапсырмасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына да қосылған.
Жалпы, Кеңестің жұмысына Ресей Федерациясының өкілдері де қатысып, ұлтаралық келісім мен қоғамдық келісім институттары туралы ойларын ортаға салды.