Жаңа әзірлемеге әлемнің 30 тілін білетін Ресейдің белгілі лингвисті Дмитрий Петровтың тәжірибесін зерттеу негіз болған.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына психолингвист, әлемге әйгілі аудармашы-синхроншы, тілдерді жеделдетіп оқытудың бірегей әдістерінің авторы - Дмитрий Петров, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті лингвистикалық-әдістемелік ҒЗИ сектор меңгерушісі, оқытушы, зерттеуші, қазақ тілін оқыту бағдарламаларын әзірлеуші - Құрышжанова Әлия Әбжанқызы, мемлекеттік тілді жеделдетіп оқу әдістемесінің авторы, «Парасат және Діл» қоғамдық бірлестігінің директоры - Мұтанова Құралай Ғалиақбарқызы енді», - делінген хабарламада.
Этникалық тегіне қарамастан, Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасау - Қазақстан халқы Ассамблеясының, Мемлекет басшысының ҚХА сессияларында берген тапсырмалары аясында атқарып жатқан ауқымды жұмыстарының бір бөлігі. Осы стратегиялық міндетті орындау мақсатында 2010 жылы ҚХА жанынан «Тілдарын» тілдерді оқыту технологияларының әдістемелік орталығы құрылды.
Орталықтың мақсаты -, қолданыстағы және жаңадан әзірленіп жатқан оқыту бадарламаларына, әдістемелері мен тілдерді оқыту құралдарын сараптау, эксперттік бағалау; халықаралық, республикалық, аймақтық әдістемелік семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын, конференциялар, тілдерді әзірлеу мен оқыту жөніндегі форумдар өткізу.