«ҚХА-20 игі іс» эстафетасының символы «Тайқазан» 21 сәуірде Астанаға оралып, Бебітшілік және келісім сарайында орнатылады. Осы орайда ҚХА сессиясының барлық қатысушылары Қазақстанның барлық өңірінде өткізілген ізгі істермен таныса алады»,-деді ол. Н. Калашникованың айтуынша, акция аясында 2 млрд. теңгеден астам сомада көмек көрсетілді. «Жалпы алғанда біз алдын ала қорытындыларды жасадық. Бұл акция аясында іске асырылған маңызды әлеуметтік жобалар болды, яғни 1654 елді мекен осы бағдарда қамтылып, өткізілген 2514 шараға жарты миллионнан астам адам қатысты. Атап айтқанда, көмекке мұқтаж тұрғындарға 2 млрд. теңгеден астам сомада көмек көрсетілді. Балабақшалар, спорт кешендері ашылды және еліміздің бизнесі қосымша жұмыс орындарын ашып, пәтер кілттері табысталды. ҚХА-ның «20 игі іс» бағыты аясында «Мен донор» атты акция ұйымдастырылды»,-деді ол.
15:01, 17 Сәуір 2015
ҚХА-ның «20 игі іс» акциясына жарты миллионнан астам адам қатысты - Наталья Калашникова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» республикалық мега-жобасы аясында «20 игі іс» республикалық акциясына жарты миллионнан астам адам қатысты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова мәлім етті.