«Мен этномәдени бірлестіктердің «Менің Қазақстаным» атты фестивалін өткізу ұсынысын енгіздім», - деді депутат тілшілер сауалына жауап беру кезінде.
Оның сөзіне қарағанда, шараға кәсіби орындаушылар емес, көркемөнерпаздар әртістері қатысуы қажет. Олар қазақтың халық әндерін шырқап, халық астаптарында өнер көрсетеді. Қатысушылар тек басқа ұлт өкілдері ғана болады.
Фестиваль үш кезеңнен тұрады. Оның жеңімпаздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.
«Финал алдағы жылдың 1 наурызында Астанада ұйымдастырылатын болады», - деді М.Ахмадиев.