ҚХА-ның басты рөлі - ұлтаралық қарым-қатынастарды үндестіру - «Шарык» тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының басты рөлі -  ұлтаралық қарым-қатынастарды үндестіру.

Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясынан кейін «Шарык» тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Эргашвой Холметов білдірді.

«Бүгінгі таңда біздің республикамызда тұрып жатқан этностар бейбітшілік пен келісімде тіршілік етуде. Ал бұл дегеніңіз Қазақстан халқы Ассамблеясының өзінің ең басты міндетін орындады деген сөз», - деді ол.

Э.Холметовтің атап өтуінше, елімізде балаларға қазіргі уақытта өз ана тілімен қатар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға жол ашылып отыр. Демек, олардың болашақта Қазақ елінің бәсекеге қабілетті азаматы болуына толық мүмкіндіктері бар.