«Тiлшiлер жақында маған мынадай сауалдар қойды: Танымал және даңқты әртiстердi шақыруға қанша қаражат бөлiндi? Жоспарланған шараларды өткiзуге қанша ақша жұмсалады? Мен бұл сауалдардың түп-төркiнiн ұқтым - әлемде дағдарыс дендеп тұр, ал ҚХА кең көлемде той жасамақ. Мен ешқандай танымал әртiстер болмайтынын айттым. Ассамблея жылы - нақты iстердiң жылы», - дедi Е.Тоғжанов.
Оның сөзiне қарағанда, ҚХА әлеуметтiк бағытта үлкен жобаны бастады.
«Бұл бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң жол картасы деп аталады және оның аясындағы көмек бiздiң шалғай ауылдарға жетуi тиiс. Этникааралық келiсiмдi нығайту деген осы деп түсiнемiн», - деп атап өттi ол.