ҚХА Парламент Мәжілісінің 5-ші шақырымына 9 кандидат ұсынды
«Ассамблея қарауы үшін құрылған кандидаттар тізімін жасау барысында жұмыс тобы бірқатар критерийлерді есепке ала отырып, тыңғылықты жұмыс істеді. Атап айтқанда, өңірлік қамтуы, гендерлік теңдіктің сақталуы, депутаттық топ сабақтастығының және ірі этникалық топтар өкілдігінің қамтамасыз етілуі көзделді», - деп атап өтті кандидаттар тізімін жария еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов.
Сонымен ҚХА атынан ұсынылған кандитаттар: Жұматай Әлиев, ұлты - қазақ, «Тұрақты Қазақстан» қорының жетекшісі. Мұрат Ахмадиев, ұлты - ұйғыр, Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы басқармасының мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты. Егор Капель, ұлты - неміс, ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Роман Ким, ұлты - кәріс, Қазақстан кәрістері қауымдастығының басшысы. Ахмет Муратов, ұлты - шешен, Халықаралық шешендер қауымдастының вице-президенті. Надежда Нестерова, ұлты - орыс. Зухра Саяпова, ұлты - татар. Астана қаласындағы «Тан» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы, Юрий Тимошенко, ұлты - украин, Қазақстан украиндері радасы одағының жетекшісі, Розакул Халмурадов, ұлты - өзбек, ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты.