ҚХА сессиясы «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы» ұранымен өткізіледі

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы Өкім шығарды. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін жариялап отыр.

Өкім

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 18 наурыз

№469

Қазақстан халқы ассамблеясының он жетінші сессиясын шақыру туралы

  • 1. Астана қаласында 2011 жылдың 18 сәуірінде «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы» күн тәртібімен Қазақстан халы ассамблеясының он жетінші сессиясы шақырылсын.
  • 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы ассамблеясының он жетінші сессиясын өткізуді ұйымдастыруға байланысты шараларды қабылдасын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев