«Біз өткен сессиядан осы уақытқа дейін жұмыс істеген Любовь Ни мен Олег Дымовқа алғысымызды білдіреміз. Өкінішке орай, О.Дымов арамызда жоқ. Ол таяуда қайтыс болды, жатқан жері жайлы болсын», - деді Н.Назарбаев.
Осыдан кейін, Ассамблея кеңесі төраға орынбасары лауазымына «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігініңтөрағасы Леонид Питаленко мен Қазақстандағы өзбектердің қоғамдық бірлестігі қауымдастығының құрметті төрағасы Розақұл Халмурадовты ұсынды.
«Біз бұл кандидатураларды жақсы білеміз. Егер, қарсылық болмаса, сіздердің алдарыңызды тағайындаймын», - деді ҚР Президенті.
13:46, 26 Сәуір 2016
ҚХА Төрағасының орынбасарлығына Л.Питаленко мен Р.Халмурадов тағайындалды
АСТАНА ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып Леонид Питаленко мен Розақұл Халмурадов тағайындалды. Оларды тағайындау туралы өкімге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қол қойды.