ҚХА жалауы Солтүстік полюсте желбіреді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші қазақстандық шаңғы экспедициясы 14 сәуір күні Солтүстік полюске ҚР-ның мемлекеттік туын, Қазақстан халқы Ассамблеясының байрағын және Қазақстанның 2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне берген өтінімін орнатты.

Facebook-те жария етілген Қазақ географиялық қоғамының ақпаратында экспедия құрамында Нұрлан Әбдуов, Сергей Бодров, Константин Орлов және Бақыт Керімжановтың болғаны жазылған.

Экспедиция наурыз айының соңғы күндерінің бірінде Алматыдан Ослоға ұшып шығып, одан ары Лонгйирге (Шпицберген аралы) сапарлаған. Онда қазақстандықтар 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында экспедицияға дайындалып, 4 сәуір күні Лонгйирден Барнео мұзды аэродромына ұшақ арқылы жеткен. Дәл осы жерден экспедиция Солтүстік полюске жол тартуы тиіс болатын. Лонгйирге жеткеннен кейін экспедиция мүшелері сол жердің тұрғындарына қазақтың дастарханынан дәм татырып, түрлі кәдесыйлар тарту етті. Айта кетерлігі, 2012 жылы танымал қазақстандық спортшы Асхат Қаратабанов халықаралық экспедиция құрамында Солтүстік полюске парашютпен түсіп, онда еліміздің көк байрағын желбіреткен болатын.