ҚХА жобалары аясында ардагерлерге 30 млн. теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қамқор» және «Болашақ игілігі үшін естелік» жобалары аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 30 млн. теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры Наталья Калашникова мәлім етті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында «Қамқор» және «Болашақ игілігі үшін естелік» жобалары бастау алды. Аталған жобалар біздің ардагерлерге арналған. Біз Қорғаныс министрлігі әскери-спорттық мектебінің бастамасын қолдадық. Олар еліміздің опат болған сарбаздары жерленген түрлі елдерде іздестіру жұмыстарын іске асырады. Бүгінде көптеген есімдер айқындалмаған. Осы орайда соғыс болған елдерде жерленген қазақстандықтарды анықтау шаралары атқарылуда», - деді ол.

Н.Калашникованың сөзінше, акция басталғалы 15 тарихи ескерткіш қалпына келтірілген. Сонымен қатар ардагерлерге 30 млн. теңгеден астам қаржыға көмек көрсетілді.