ҚХА жылы «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспары белгісімен өтуі тиіс - Г.Әбдіқалықова (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспары белгісімен өтуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚХА жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова айтты.

«Жылдың екінші жарты жылдығында Қазақстан халқы Ассамблеясының және Конституцияның 20 жылдық мерейтойлары «100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспары белгісімен өтуі тиіс. Осыған орай Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер, Әділет министрліктеріне, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіне Астана мен Алматы және облыстардың әкімдерімен бірлесіп,Қазақстан халқы ассамблеясы жылын өткізу жұмыстарының барлық мазмұндық бөлігін 100 нақты қадам: Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарының «бірегейлік және бірлік» атты төртінші институттық реформаның басымдықтарын ескере отырып түзуді тапсырамын», деді Г.Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы министрліктер мен ведомстволарға ҚХА жылын және Конституцияның 20 жылдығын атап өту шараларына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аралық қорытындысы шығарлып, Ассамблея қызметін ақпараттық қолдау және шаралар ұлт жоспарының жүзеге асырылу мәселесіне қатысты сұрақтар талқыланды.