ҚХА жылын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 1-ші отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның 1-ші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметкері Әсет Мұқажанов мәлім етті.

«Осы аптада 21 қараша күні ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтеді», - деді ол.