КХДР АҚШ алдын алу соққыларын жасаса, ядролық шабуыл жасайтынын айтып сес көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрама Штаттар КХДР бойынша алдын алу соққыларын жасаса, арты апатты салдарға алып келеді. Бұл туралы 'Нодон синмун' газетінде жарияланған халықтық республиканың ұлттық комитетінің өкілі айтты, деп хабарлады ТАСС.

Ол АҚШ-тан «КХДР-ға қарсы бағытталған әскери маневрларды дереу тоқтатуды, Корей жарты аралында орналасқан ядролық құралдарын әкетуді» талап етті.

 «АҚШ сананың үніне құлақ асып, оның апатты салдары  жайлы ойлануы қажет», - деп атап өтті комитет өкілі. Ол сондай-ақ «мұндай әрекеттің сәл белгілері пайда болған жағдайда, Пхеньян барлық агрессия және арандату базасын ядролық шабуылмен жоятынын ескертті».

АҚШ және Оңтүстік Корея ӘК 13 наруызда бірлескен Key Resolve командалық-штабтық оқу жаттығуын бастаған. Ол Корей жарты аралында америкалық әскердің шұғыл арту мүмкіндігін тексеруге бағытталған.  Сонымен қатар  жаттығу Foal Eagle ірі далалық маневрлермен жалғасуда. Оған барлық әскер қатысуда.