Соның барысында 20-дан 30 әскери қызметкерге дейін өлтірілді. Бұл туралы бүгін барлау қызметінің расталмаған мәліметтеріне сілтеме жасай отырып оңтүстіккореялық "Чосон Ильбо" басылымы хабарлады.
Оқиға КХДР әскерінің бас саяси бюросын басқаратын вице-маршал Чхве Рен Хэ бұрынғы бас штаб басшысы Ли Ен Хонның отставкаға кетуі жөніндегі Ким Чон Ынның бұйрығын орындау үшін бас штабтың басшысын ұстамақ болған кезде орын алған. Ли Ен Хоның күзеті оны беруден бас тартып, келе жатқандарға оқ жаудырған.
Корей Халық Демократиялық Республикасы әскері Бас штабының басшысы Ли Ен Хоның отставкаға жіберілгені жайлы елдің орталық агенттігі 16 шілдеде хабарлаған болатын. Ресми мәліметтерге сәйкес, ол денсаулығына байланысты отставкаға жіберілді. 18 шілдеде Солтүстік Корея әскері Бас штабының басшысы лауазымына генерал Хон Ен Чхоль тағайындалды.