деп жазады Associated Press Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Елдің әскери барлауы зымырандарды 2013 жылдың 10 сәуірі күні ұшыруы мүмкін деп топшылайды, деп хабарлайды РБК. Арнайы топ Кәріс түбегіндегі жағдайға мониторинг жүргізіп, материалдарды жинақтайды және ақпараттарға сараптама жүргізеді. Сарапшылар оқу-жаттығу кезінде 3 мың км қашықтыққа ұшатын «Мусудан» зымыранын пайдалануы мүмкін деген пікірде. Яғни, бұл зымырандар Оңтүстік Коряның, Жапонияның, америкалық әскерлер орналасқан Гуам аралдарының бар аумағын, сондай-ақ Ресей мен Қытай аумағындағы кейбір нысандарды атып түсіруге қабілетті.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы аптада ресми Пхеньян егер екінші тараптан арандату әрекеті орын алып жатса, ядролық қару қолдану арқылы табанды жауап беретіндерін айтып, бірнеше мәлімдеме жасаған болатын. Ал, бұл уақытта Оңтүстік Корея мен АҚШ сырттан келуі ықтимал қауіпке қарсы бірлескен әскери оқу-жаттығу жүргізіп жатқан еді.
Пхеньянның ызбарлы мәлімдемесі көршілерінің жүйкесіне әсер етпей қойған жоқ. Бүгін таңертең Токиомен қанаттас жатқан Иокогама қаласының билігі КХДР зымыран жібергені туралы дабыл қақты да, артынша 20 минут өткен соң, қателескендерін айтып, ел тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Baq.kz.