КХДР баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР орталық телевидениесі 'Хвансон-14' құрылықаралық баллистикалық зымыранды алғаш рет сәтті сынақтан өткізгені туралы көпшілікке жария етті, деп хабарлайды ТАСС.

Солтүстіккорейлік тараптың мәлімдемесінде зымыран ұшырылымының биіктігі  2802 шақырымды құрайды. Сондай-ақ зымыран 39 минутта 933 шақырымды ұшып өткен.

Ұшыру туралы бұйрықты КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын берді. Ол сондай-ақ сынақты бақылады.

Жапония қорғаныс министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, зымыран Жапон аралына құлады. Жапония қорғаныс ведомствосы зымыранның ұшу биіктігі 2500 шақырымға жеткенін мәлімдеді.