ҚХДР-да американдық журналистерді соттауда
16:58, 04 Маусым 2009
МӘСКЕУ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяда бүгін бұдан екі ай бұрын Қытаймен шекарада ұсталған екі американдық журналиске сот басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Оларды ҚХДР аумағына жаулық пиғылмен кірген деп айыптауда.