Енді, елге ұзақ уақытқа іссапарға келген шетелдік азаматтар ғана бұндай құқыққа ие болмақ. Бұл туралы Киодо жапон ақпарат агенттігі хабарлады.
Туристердің айтуынша, жаңа шектеулер енгізу шешімі 2010 жылдың соңында қабылданған болатын. Кейбір сарапшылар бұл шешімді Таяу Шығыста болған жаппай көтерілістерде ұялы байланыс көздерінің маңызды рөл атқарғанымен байланыстырады. Атап айтқанда, КХДР БАҚ-ы осы күнге дейін Пхеньянмен тығыз байланыста болған Мысыр президенті Хосни Мубарактың тақтан құлатылғанын хабарламаған.
Қазіргі ережелерге сай, КХДР-ға келген адамдар, соған қоса дипломаттар әуежайда ұялы телефондарын тапсыруы керек. Тек мемлекеттен кетер кезде ғана қайтарып алуға болады. Оның орнына шетелдіктерге басқа ұялы телефондарды жалға алу құқығы беріледі, жалға беру ісімен «Ораском Телеком» мысырлық ұялы байланыс фирмасымен бірлесе құрылған компания айналысады