КХДР-да сыналған ядролық бомбаның қуаты 250 килотонна - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР-дың 3 қыркүйек күні сынақтан өткізген ядролық зарядының қуаты 250 килотоннаны құрайды, деп хабарлайды 38 North.

Портал таратқан ақпараттарға қарағанда, арнайы сарапшылар жарылыстың магнитудасы туралы деректерді қайта қарады. Жаңа бағалау бойынша, магнитудасы 6,1-ге жеткен.

 «Стандартты формуланы сәйкес тұрақты шамамен қолдану көрсеткендей, оның қуаттылығын 250 килотонна (мегатоннаның төрттен бір бөлігі) деп бағалауға болады», - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, КХДР БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық сынақ өткізу салдарынан жариялаған санкциясын толығымен қабыл алмады.