Қорғаныс қамалдарын салуға мамандандырылған Oribe Seiki Seisakusho компаниясының сатылымдары арта түсті. Бұл жайлы Vice ақпараттық порталы берген хабарламада айтылған.
Сатып алушылар қорғаныс ғимараттарының салынуына ұзақ уақыт жұмсалатындығына қарамастан, олардың жылдам жеткізілуін талап етуде.
Айта кетейік, бұған дейін КХДР тарапынан АҚШ әскери базасы орналасқан Гуам аралына соққы беруге дайындық жасалып жатқандығы жайлы хабарланған болатын.