КХДР-дан шыққан теңізшілер кемесі Корея бұғазында суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның темір кені тиелген кемесі теңізшілерімен жұма күні Оңтүстік Кореяның жағасында суға батып кетті. Екі адам қаза болды, қалған 11 адам жайлы ешқандай хабар жоқ, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс агенттігі.

Grand Fortune 1 кемесінде барлығы 16 теңізші болған. Олардың үшеуі құтқарылды. Қытайға бет алған кеме соңғы рет Оңтүстік Кореяның Йосу портынан 130 шақырым жерде апатқа ұшырағаны жайлы дабыл берген.