«Қаржы БҰҰ шотына сейсенбі немесе сәрсенбі күні аударылады», - деп атап өтті ол.
2019 жылы КХДР қуаңшылық деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті. Қаңтардан 15 мамырға дейінгі аралықта бұл елде 56,3 мм жауын-шашын жауған. Бұл соңғы 102 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы (ДАТБ) өкілдері республикаға азық-түлік жеткізу жағдайын қадағалап отыр. Ұйымның хабарлауынша, республиканың 10 миллионнан астам тұрғынына азық-түлік жетпей жатыр және келесі егінге дейін азық-түлік тапшылығы туындайды.
2018 жылы КХДР-де ауа райының қолайсыздығына байланысты өнім соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішті көрсеткен. ДАТБ бағалауынша, егер биыл да егін шықпаса, елдің миллиондаған азаматына ашаршылық қаупі төніп тұр.