КХДР-ден шыққан қашқындар БҰҰ-ға өз отанындағы азаптаулар туралы айтып берді
02:15, 22 Тамыз 2013
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Өз елінен қашып шыққан солтүстіккореялықтар БҰҰ-ның арнайы комиссиясына КХДР түрмелеріндегі адам төзгісіз тәртіптер туралы айтып берді, деп хабарлады Би-Би-Си.
Қашқындардың бірі Шин Тон Юк тігін машинасын құлатып алғаны үшін оның саусағын кесіп тастағанын мәлім етті. Ал Чи Хен А анасын өз баласын өлтіруге мәжбүрлегенін айтып берді.
Комиссия құрамына кірген БҰҰ-ның үш комиссары қазірде Оңтүстік Корея мен Жапонияға қашып барған бірнеше ондаған куәгерлерден деректер алмақшы.
Пхеньян комиссияны мойындамайды және оларды КХДР аумағына кіргізбей отыр.