КХДР хакерлері оңтүстіккореялық шенеуніктердің смартфондарын «бұзып» ашқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР-дегі хакерлер ондаған оңтүстіккореялық шенеуніктің смартфондарын «бұзып» ашып, олардың ішіндегі мәтіндік және дыбыстық хабарламаларға қол жеткізді. Тиісті мәлімдемені сейсенбі күні Корея Республикасының Ұлттық барлау қызметі таратты, деп хабарлайды ТАСС.

Онда кибершабуылдан дәл қандай ресми тұлғалардың зардап шеккені және құпия ақпараттың ұрланған-ұрланбағаны туралы дерек айтылмаған.

Associated Press (AP) агенттігінің келтіріп отырған НРС мәліметтерінше, оқиға ақпан айының соңы, наурыздың басында орын алған.

Соңғы жылдары Сеул Пхеньянді киберқылмыстар жасады деп талай рет айыптаған, КХДР бұл фактіні жоққа шығарған, деп атап өтті АР.