«Командамызды Олимпиадаға жіберуге ниеттіміз», - деді ол. Сондай-ақ Ким Чен Ын Корея Республикасымен қарым-қатынастарды жақсарту қажеттігін айтты.
КХДР Олимпиадаға қатысу үшін өтініш берілетін соңғы мерзімнен кеш қалды. Дегенмен қаңтардың ортасына дейін өз спортшыларын жіберуге қосымша мүмкіндігі бар.
Айта кетелік, ресми Пхеньянның зымыран-ядролық белсенділігінің артуы салдарынан Корей түбегіндегі саяси ахуалдың күрт шиеленісуі Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызып отыр.