КХДР-ның 13 азаматы Оңтүстік Кореяға қашты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәрістің ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамханалардың бірінде Солтүстік Кореяның 13 азаматы Оңтүстік Кореяға қашып кетті, деп хабарлады оңтүстіккореялық билік.

Кореяларды біріктіру мәселелері бойынша министрліктің өкілі Чон Чон Хидің айтуынша, солтүстіккореялық мейрамханаларда жұмыс істеген адамдар бұрын да Оңтүстік Кореяға қашып отырған, бірақ бұл  қашу туралы шешімді бірге жұмыс істейтін бірден 13 адам қабылдаған бірінші оқиға болып отыр, деп хабарлайды Би-би-си.

Солтүстіккореялықтардың елден қашуы Пхеньян мен Сеул арасындағы қиян-кескі даудың себебі болуда. Солтүстік Корея Оңтүстікті адамдарды өзіне қызықтырып тартуда айыптап отыр. 

Шетелде жұмыс істету үшін Солтүстік Корея мемлекеттік саясатқа бұлжымастығын дәлелдеген азаматтарды таңдайды.

Чон Чон Хи Оңтүстік Корея аумағына 12 ер адам мен бір әйелдің келгенін нақтылады.