КХДР ресейліктер үшін виза алу тәртібін жеңілдетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея ресейлік туристерге виза беру рәсімін жеделдетті. Енді өтініштер небәрі екі күннің ішінде қаралмақ. Бұл туралы NKorean туристік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ТАСС.

«КХДР ресейлік туристер үшін виза беру мерзімін жеңілдетті. Енді Жаңа жыл мерекелері қарсаңында елге келу үшін берілетін өтініштер 1-2 күннің аралығында қаралады»,-деп мәлімдеді компания өкілдері.

Бұл ретте осыдан бір жыл бұрын Ресей азаматтары үшін виза беру мерзімі орташа алғанда 20 күнді құрағандығы айтылады. Хабарламада сонымен қатар 2017 жылдың 9 айында Ресейден КХДР-ға жол тартатын туристер саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда кемінде есеге артқандығы айтылады.