КХДР Шығыс теңізде екі зымыран ұшырды

Фото: None
СЕУЛ. ҚазАқпарат – Жапония үкіметінің дерегі бойынша, КХДР бейсенбі күні Шығыс теңізге жақын қашықтықтан екі зымыран ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея штаббасшылары бірлескен комитетінің (JCS) хабарлауынша, Солтүстік Корея мен АҚШкөшбасшылары өткен айда екі Корея шекарасында болған кездесу кезінде таяууақытта жұмыс деңгейінде келіссөздер жүргізуге келіскен. Алайда оны өткізумүмкіндігі белгісіз болғандықтан, осындай оқиға орын алған.

«Солтүстік Кореяжақын қашықтыққа жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:34-те, тағы бір зымыранды –таңғы сағат 5:57-де Ходо түбегінен, Вонсан қаласына жақын маңнан Шығыс теңізгеұшырды», - деп хабарлады комитеттен.

Комитеттегі офицерлердіңбірінің айтуынша, бір зымыран 430 шақырым, енді бірі одан алысырақ құлаған. АҚШжүргізген талдауға сәйкес, олардың екеуі де 50 шақырым биікте ұшқан. Болжамбойынша, зымырандар Шығыс теңізге құлаған.

«Біздіңпайымдауымызша, Ким Чен Ын қазір жазғы әскери оқу-жаттығулар жүргізіліп жатқан,зымыран ұшырылған аймақта жүр. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз», - деп атапөтті комитеттегі дереккөз.

Комитетзымырандардың баллистикалық екенін және КХДР-дің мамырда екі рет ұшырғанзымырандар үлгісінен екенін анықтау үшін қосымша талдау жүргізу қажеттігін атапөтті.

Соңғы жаңалықтар