«Жаңа баллистикалық зымыран еліміздің қорғаныс технологиясын дамытуға үлкен үлес қосып, әскери-теңіз флотының суасты мүмкіндіктерін кеңейтеді», - деп келтіреді Yonhap КОТА-ның хабарламасын.
Агенттіктің мәліметінше, мемлекет көшбасшысы Ким Чен Ын зымыранның сынақтан өтуіне қатыспаған. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Штаб бастықтары комитеті КХДР-дың сейсенбі күні таңертең елдің солтүстік-шығысындағы жағалауында баллистикалық зымыран жібергенін хабарлаған болатын. Бұл жыл басынан бері өткізілген сегізінші сынақ.
Жапония премьер-министрі Фумио Кисида журналистерге Пхеньянның екі зымыран ұшыруы мүмкін екенін хабарлаған.