АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ қарулы күштері КХДР-ының сүңгуір кемеден зымыран сынамасын жүргізгендігі анықтады. Ол 30 шілде күні Синпо верфінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды CNN телеарнасы Пентагонға сілтеме жасап.
КХДР бұған дейін осыған ұқсас құрамдардың сынағын соңғы бір айда екі рет және биылғы жылы үш рет жүргізді, делінген АҚШ қорғаныс министрлігінің дереккөздерінде.
Хопкинс атындағы перспективалы халықаралық зерттеулер мектебі жанындағы Америка-Корей институтының хабарлауынша, Пхеньян жаңа сүңгуір-зымыран тасығышының құрылысын Спино верфінде бастауы мүмкін.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.