КХДР тағы да баллистикалық зымырандарды ұшырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбінің таңында Корей Халық Демократиялық Республикасы шығыс жағалаудан жақын қашықтыққа ұшатын екі баллистикалық зымыранын ұшырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Пхеньян бір аптаның ішінде осымен екінші ретзымыран ұшырып отыр.

Оңтүстік Кореяның Штаб бастықтары бірлескенкомитеті зымырандардың алғашқысы жергілікті уақытпен таңғы сағат 5:06-да,екіншісі 5:27-де Вонсан портына жақын маңнан ұшырылғанын мәлімдеді.

Комитеттің есептеуінше, зымырандардың екеуі де250 километрге, шамамен 30 км биіктікте ұшқан.

Осыдан алты күн бұрын да КХДР дәл осылай екізымыранын ұшырған. Бірақ олар 50 км биіктікте 600 км ұшты.

«Баллистикалық зымырандардың бірінен соң бірінұшыру Корей түбегіндегі жағдайды жақсартуға бағытталған күш-жігерге қайшыкеледі. КХДР тарапын мұны тоқтатуға шақырамыз», - делінген комитеттіңмәлімдемесінде.

Комитет өкілдерінің айтуынша, Солтүстік тарапы қаруды тексерістен өткізіп жатқан болукерек.

Айта кетейік, КХДР БАҚ өкілдері өткен аптадағызымырандардың ұшырылуын Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың келесі айда бірлескен әскерижаттығулар өткізу жоспарына қарсылықтың белгісі деп атады.