КХДР тағы да зымыран ұшырды

Фото: None
СЕУЛ. Yonhap-ҚазАқпарат – КХДР бүгін таңертең Шығыс теңізде тағы екі зымыран ұшырды. Олар жақын қашықтыққа атылатын баллистикалық зымыран болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Пхеньян Оңтүстік Корея мен Вашингтон арасындаөтіп жатқан бірлескен әскери оқу-жаттығуларға осылай наразылық танытып отыр.

Оңтүстік Кореяның қарулы күштері снарядтардыңжергілікті уақытпен таңғы 5:24 және 5:36-да Оңтүстік Хванхэ провинциясыныңшығыс жағалауынан ұшырылғанын растады. Екі зымыран шамамен 450 км ұшқан.

«Оңтүстік Корея және АҚШ барлау органдарыбүгінгі зымырандар сипаттамасы жағынан КХДР 25 шілдеде ұшырған баллистикалықзымырандарға ұқсайды деп санайды», -дейді Оңтүстік Корея әскерилері.

«Біздің әскерилер ұшырылымдардың қайталанужағдайына бақылау жүргізіп отыр және олар толық даярлық күйіне келтірілді», -деді Корея Республикасы Бастықтар штабының бірлескен комитетінде.

КХДР екі аптаның ішінде осымен төртінші мәртезымыран ұшырып отыр. Бұған дейінгі зымырандардың алғашқы легі 600 км, екіншіретінде 250 км ұшқан.