КХДР тағы зымыран ұшыруға дайындалып жатыр - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР тағы да зымыран ұшыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Америкалық барлау қызметі жұма күні Кусон қаласына (Пхёнан-Пукто провинциясы) зымыран тасықыш жабдықтарын Пхеньяннан тасымалдап жатқандығын байқаған.

Айта кетейік, КХДР дәл осы жерде 14 мамыр күні елдің батыс жағалауындағы полигоннан анықталмаған үлгідегі зымыранның ұшырған болатын.