КХДР терроризмді қаржыландыратын елдер тізіміне қайта қосылуы мүмкін

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  АҚШ Конгресінің Сыртқы істер жөніндегі комитеті Солтүстік Кореяны терроризмге демеушілік ететін елдер тізіміне енгізуді ұсынған заң жобасын бірауыздан қолдады. 

«Қолданыстағы санкцияларды күшейтуден бастаған жөн», - деді республикалық Эд Ройс.

Росбалт хабарлағандай, бұдан бұрын Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мемлекеттік департамент ҚХДР-дің барша өңір үшін қауіп тудырып отырған арандатушылықтарына бірқатар қарсы шаралар қарастырып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, Солтүстік Корея 1987 жылы Әбу-Дабиден Бангкокқа бет алған оңтүстік кореялық авиалайнер бортында болған жарылыстан кейін терроризмге демеушілік ететін елдер тізіміне енгізілді. Лаңкестікті КХДР арнайы қызметінің тыңшылары жасады. Олар сағат механизмі бар бомба орнатқан. 2008 жылы АҚШ әкімшілігі Корей түбегіндегі жағдайды жақсарту бойынша алтыжақты келіссөздерге қатысқаны үшін КХДР-ды ынтыландыру мақсатында Пхеньянды бұл тізімнен алып тастаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар