АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея соғысқа дайындықпен байланысты тұрғындарды жаппай эвакуациялау жаттығуларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды NK News порталы.
Портал мәліметіне қарағанда, жаттығу жұмыстары елдің барлық аумақтарындағы шағын қалаларда жүргізілуде. КХДР астанасы Пхеньян оқу-жаттығуларға қатысқан жоқ.
КХДР билігі жарықтың сөндірілуін түнгі уақыттарда жүзеге асырды. «Аталған шара жау авиациясының назарына ілікпеуге мүмкіндік береді», - деп жазды портал.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.