АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР тұрғыны жұма күні түнде Оңтүстік Кореяға теңіз арқылы жүзіп өтті, деп хабарлайды оңтүстіккореялық әскери қызметкерлер.
«Бүгін түнгі сағат бірде Кедондо аралынан теңіз арқылы өткен солтүстік Корея тұрғыны құтқарылды», - делінген Оңтүстік Корея қарулы күштері штаб басшыларының біріккен комитеті хабарламасында.
КХДР-ынан қашып шықты деп болжанып отырған ер азаматтың жағдайының қандай екендігі әзірге белгісіз.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.