Бұл ел 15 тамызда аталып өтілетін Кореяның жапондық басқыншылықтан азат етудің 70 жылдығын осылайша атап өтпек, деп хабарлады КОТА агенттігі.
Агенттік жаңа стандарт астрономиялық уақытқа сәйкес келеді және Жапония уақытынан өзгеше болатынын атап өтті.
«Жапон импералистері Кореяны өз уақытынан айырып, кешірілмейтін қылмыс жасады», - делінген хабарламада.
Корея жарты аралы 1910-1945 жыл аралығында жапон отарында болды, сол кезде колониялық билік барлық Кореяға жапондық уақытты белгілеген.
Сеул жаңа уақытқа ауысу бойынша КХДР жоспарын мақұлдамады.