КХДР «жаңа қаруды» сынақтан өткізгенін растады

Фото: None
СЕУЛ – Yonhap - НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні КХДР жұмада ұшырылғанын зымырандар «жаңа қаруды» сынақтан өткізу екенін растады. Пхеньян сынақтар Ким Чен Ынның басшылығында іске асырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

«Ким Чен Ынжұма таңында тағы да жаңа қаруды сынақтан өткізді», - делінген Корея Орталықақпарат агенттігінің мәлімдемесінде.

«Біздіңелдің қорғаныс саласындағы мақсаты – бізді арандатуға ешкімнің батылы бармауыүшін жеңілмейтін әскери әлеуетке ие болу», - деген Ким Чен Ынның сөзін келтіреді агенттік.


Дегенменагенттік жаңа қару туралы бірде-бір ақпарат бермеді, тіпті атын да атаған жоқ.

ОңтүстікКорея Жапон теңізіне жақын қашықтыққа атылатын баллистикалық зымыранға ұқсайтынснарядтар ұшырылғанын хабарлаған соң, араға бір күн салып Солтүстік Корея мұнырастап отыр.

Әскерисарапшылардың айтуынша, снарядтар АҚШ-тың тактикалық армиялық зымыран жүйесінеұқсас.

КХДР жаңалықагенттіктері жариялаған фотосуреттерде зымырандардың Шығыс теңіздегі шағынаралдағы нысананы жойып жатқаны көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар