10 наурызда КХДР Жапон теңізіне қарай шағын қашықтыққа баллистикалық екі зымыранын ұшырғаны хабарланған болатын. Оңтүстік Корея штабтар бастықтары комитетінің мәліметтеріне сәйкес зымыран КХДР-дың оңтүстігіндегі Хванхе-Пукто провинциясынан ұшырылған. 500 шақырымға дейін ұшып барып, олар елдің шығысындағы Вонсан портынан солтүстік-шығысқа қарай суға құлаған.
04:49, 18 Наурыз 2016
КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыранын ұшырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР тағы да Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыранын ұшырды. Бұл туралы ТАСС Ренхал агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.