Ұшырылымдар туралы Штабтар бастықтарының бірлескен комитеті мәлімдеген. Өзге ақпарат жарияланбады.
«Аталған ұшырылымдар Оңтүстік Корея ғарыштағы барлау және бақылау бойынша өз мүмкіндіктерін нығайту жоспары аясында қатты отынмен ұшатын зымыран-тасығыштың ұшырылымын сынағаннан кейін жасалып отыр», - делінген Yonhap хабарламасында.
23 желтоқсан күні Солтүстік Корея Шығыс теңізіне қарай аз қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран ұшырған еді.