Таратылған хабарламада атап өтілгендей, КХДР ұшырған зымыран үш бөлікке бөлініп, Жапонияның Хоккайдо аралының маңына құлаған. Бұл туралы сондай-ақ шұғыл баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлім етті.
Жапония билігі халықты шұғыл ақпараттандыру жүйесі J-Alert арқылы ескерту таратып, болжам бойынша, КХДР жіберген зымыран Жапонияның солтүстік-шығыс бөлігімен өтіп, Тынық мұхитқа қарай ұшқанын хабарлады. Ескерту Хоккайдо, Аомори, Мияги, Иватэ, Акита және Ямагата префектураларына қатысты.