ҚХКП белсенділері жасөспірімдердің темекі шегу проблемаларына халықтың назарын аудару мақсатында акция өткізді (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚХКП штабының белсенділері жасөспірімдердің темекі шегу, алкоголь тұтыну проблемаларына қалалықтардың назар аударға бағытталған «Тоқта. Сатушы заңды сақта!» акциясын өткізді.

Шара барысында коммунистер бірқатар елордалық шағын маркеттерге барды. Дүкеншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады ҚХКП баспасөз қызметінен.

ҚХКП сайлау алды штабының басшысы Айқын Қоңыров темекі өнімдері мен алкоголь сатуды реттеу саласындағы заңнаманы сақтауға азаматтық бақылау қажет екеніне сенімді.

«Бүгінде біз бөлшек сауда дүкендерінің сатушыларын Заң талаптарын сақтауға, жасөспірімдерге алкоголь, темекі сатпауға үгіттедік. Ата-аналар мен ересектер балаларының денсаулығын қорғау қажеттігін түсінуі қажет. Біз өскелең ұрпақ тәрбиелеумен қатар, елдің салауатты тектік қорын сақтауды қамтамасыз етуіміз қажет», - деп атап өтті ол.