4 желтоқсан күні КХЛ-2018 Жұлдыздар матчы турнирінің Бобров, Тарасов, Харламов және Чернышев команда дивизиондарына ойыншыларды таңдау бойынша журналистердің дауыс беруі аяқталды.
Журналистер өз таңдауларын жасады, олар әрбір дивизионның 1 шабуылдаушысын, 1 қорғаушысын және қақпашысын анықтады. БАҚ өкілдері КХЛ-дың 11 түрлі клубынан 12 ойыншыны таңдады.
|
Қақпашылар |
Қорғаушылар |
Шабуылдаушылар |
|
|
Бобров дивизионы |
Заполски («Йокерит») - 27 Шестеркин (СКА) - 14 Энрот («Динамо» Минск) - 12 |
Херсли (СКА) - 22 Лепистё («Йокерит») - 16 Гилрой («Йокерит») - 7 |
Гусев (СКА) - 12 Дацюк (СКА) - 11 Хохлачёв («Спартак») - 11 |
|
Тарасов дивизионы |
Гудачек («Северсталь») - 22 Сорокин (ЦСКА) - 21 Еременко («Динамо») - 10 |
Мозик («Витязь») - 13 Никулин («Динамо») - 8 Накладал («Локомотив») - 6 |
Падакин (ХК «Сочи») - 13 Афиногенов («Витязь») - 8 Шалунов (ЦСКА) - 6 |
|
Харламов дивизионы |
Гарипов («Ак Барс») - 24 Ежов («Нефтехимик) - 13 Коварж («Автомобилист») - 13 |
Трямкин («Автомобилист») - 33 Пиганович («Нефтехимик») - 13 Бэйлен («Трактор») - 5 |
Секстон («Нефтехимик») - 17 Голышев («Автомобилист») - 12 Щехура («Трактор») - 7 |
|
Чернышев дивизионы |
Красиков («Сибирь») - 17 Фурх («Авангард») - 16 Метсола («Амур») - 9 |
Медведев («Авангард») - 19 Диц («Барыс») - 11 Воробей («Куньлунь») - 9 |
Бывальцев («Амур») - 14 Вей («Барыс») - 13 Ткачёв («Адмирал») - 8 |
Естеріңізге сала кетейік, КХЛ-2018 Жұлдыздар матчының алғашқы 16 ойыншысын дауыс беру арқылы жанкүйерлер таңдаған болатын. Жұлдызды құрамаларды жасақтауда соңғы сөзді КХЛ департаменті айтатын болады.
КХЛ-2018 Жұлдыздар матчы турниріне билеттерді ресми сайттан және «Барыс Арена» СК-ның кассаларынан сатып алуға болады.